Фото: Pixabay
Ұлыбритания тұрғыны Джейн Доусон есімді әйел босану кезінде о дүниеге тап болғанын және жұмақтың жоқ екеніне айтты. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Need To Know басылымыне сілтеме жасап хабарлайды.
Джейн Доусон 2001 жылы ұлын босанған сәтте өлім мен өмірдің арасында болғандай тылсым күшті бастан өткергеніне сенімді. Оның сөзінше, босану процесі өте ауыр өткен, бір сәтте өзінің жаны тәнінен шығып жатқандай күй кешкен. Сол мезетте ол өзге бір әлемге тап болып, онда таныс бір энергияны сезгенін айтады.
Джейн энергиядан үш ай бұрын өмірден өткен әкесін танығанын алға тартты.
«Айналам қап-қараңғы болғанымен, махаббатқа, тыныштық пен бақытқа толы болды», — деп еске алады Джейн.
Әйелдің сөзінше, оған әкесінің «сенің уақытың келген жоқ, ұлыңды өсіруің керек» деген сөздері өмірге қайта оралуға күш берген.
Қазір ұлыбританиялық әйел әкесі ұлының бейнесінде қайта өмірге келген деп санайды. Ол баласы сөйлей бастаған кезде «маған полицейдің шоқпары мен кісен сатып әперші» деп өтінгенін айтады. Ал Джейннің әкесі полиция қызметкері болған.
“Өмір – бұл үздіксіз айналым, ал адамдар өлген соң жерден жоғалып кетпейді, тек уақытша жоғалып, кейін энергия түрінде қайта оралады”, — дейді Джейн.
Айта кетейік, бұған дейін де ұлыбританиялық тұрғын жасөспірім кезінде көлік апатына түсіп, төрт минутқа «о дүниеге барғанын» айтқан болатын.
“Көз алдымнан өз өмірімнің әр сәті тізбектеліп өтті. Балалықтан ересек өмірге дейінгі тамаша естеліктер өте қатты жылдамдықпен жыпылықтап өте шықты», — деп еске алған еді ол.
