48 келіде белдесетін қазақ қызы Әбиба 4596 ұпаймен көш бастаған.Бұл оның өз салмағында әлемдік рейтингте тұңғыш рет бірінші орында тұруы емес, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Осы жылы өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені місе тұтқан Әбужақынова жыл аяғында өтетін Абу-Даби және Токио Гранд Слэм турнирлерінде күресуі мүмкін.
Бұл салмақта сынға түсіп жүрген ұлттық құраманың тағы бір үздігі Ғалия Тынбаева 25-ші сатыға жайғасқан. Ал 63 келіде Париж Олимпиадасына қатысқан Есмигүл Құйылова 908 ұпаймен 49-орында тұр. Әйелдер арасында аса ауыр салмақта күресетін Назгүл Маратова жер-жаһанның ең үздік 45 дзюдошысы атанған.
Ерлер арасында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов – 16, Ғұсман Қырғызбаев – 14, 81 келіде күресетін Абылайхан Жұбаназар 13-орынға лайық деп танылса, -100 келіде Шархан Нұрлыхан 30-шы сатыда тұр. +100 келіде Ерасыл Қажыбаев рейтингте 21 сатыдан байқалады.
Еске салайық, биыл Будапеште өткен әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жүлдесіз қалды. Аталған сында Париж Олимпиадасының жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев жарысты небәрі 7-орынмен аяқтаған еді.
