Әнші AYREE қызына қандай есім бергенін айтты

Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші AYREE мен оның күйеуі, клипмейкер Нұркен Қасымов қуанышты жаңалықты бөлісті – олар жаңа туған қызына есім берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Нәресте 1 қарашада дүниеге келді, оған Зере есімі берілді.

Өнерлі жұп әлеуметтік желіде әсерлі видео жариялады: 33 жастағы AYREE үлкен түрлі-түсті раушан гүл шоғын ұстап тұрды, қасында бақытты жұпты құттықтауға келген ең жақын туыстары мен достары болды.

«Бауы берік болсын! Қош келдің балапан!», — деп жазды әнші.

Яндекс.Метрика