Төтенше жағдайлар министрлігі халыққа маңызды үндеу жасады

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты халықты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі халықтың қауіпсіздігі мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қысқы кезеңде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастырылатынын хабарлады.

Ауа райы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді. Автожолдардағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Болжанған қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады.

  • дауылды ескертулер мен жедел ақпараттарын қадағалаңыздар;
  • қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпаңыздар;
  • ауыл тұрғындарына қатты аяз, боран және көріну қашықтығы шектеулі жағдайда ұзақ жолға жаяу шықпаңыздар.
  • Төтенше жағдай туындаған жағдайда немесе қиындыққа тап болған жағдайда, тұрған аумақтан дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.
Яндекс.Метрика