Фото: muftiyat.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарт порталы.
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.
Мүфтияттың мәліметінше, 2026 жылы Ораза айы 19 ақпан мен 19 наурыз аралығына түседі. Қадір түні 16-17 наурыз. Ораза айт 20 наурызда, ал Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында мерекеленеді.
Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

