«Банктер биометрия бұзылған несиелер үшін өздері жауап береді»: Мұрат Әбенов сүйінші хабарын айтты

Фото: Pixabay

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұран Әбенов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Депутат бұған дейін осы мәселені Мәжіліс мінберінде бірнеше рет көтерген болатын, деп жазады Qazaq Today ақпарт порталы.

Ол өз ұсыныстарының ішінен төмендегі 5 пункт қолдау тапқанын жеткізді:

1) Енді банктер төрт цифрлық пароль бойынша несие бермейді. Бұл рәсім тек биометрия арқылы жүзеге асады;
2) Биометрия дұрыс өтпесе кридитті банк қарыз тізімінен шығаруға міндетті;
3) Кез келген кредит 24 сағат бойы «салқындату» мерзімінен өтеді.  Осы уақыт аралығында «е-gov» арқылы қажетті тексеру шарасы жүргізіледі;
4) Зейнеткерлерге және 21 жасқа толмаған азаматтарға онлайн кредит шектелген;
5) 24 сағат тексерілмей кредит берілсе онда қарызды банк өзі жабады.
Өз кезегінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова азаматтардың атына алаяқтық жолмен рәсімделген несиелер қандай жағдайда жабылатынын түсіндірді.

«Егер несие клиенттің рұқсатынсыз берілсе және ол биометриялық тексеруден өтпесе, онда қарызды соттан тыс тәртіпте есептен шығаруға болады. Бұл тұрғыда қылмыстық қудалау органдарына өтінім тапсыру керек. Олар несие алаяқтық жолмен берілген деген қаулы шығарады. Осының негізінде қарызды есептен шығаруға болады», деді Мәдина Әбілқасымова.

Агенттік төрағасының айтуынша, кейінгі екі жылда банктер жалпы сомасы 1,9 млрд теңге болатын 1 500 несие бойынша 1 400 қарыз алушының берешегін соттан тыс есептен шығарған.

Мәдина Әбілқасымова бұған дейін биометрия тәртібін айналып өтіп, жалған несиелер тіркелгеніне де назар аударды.

«Мұндай жағдайға тап болған азаматтар алаяқтықты сот арқылы дәлелдеу керек. Осы орайда сот тәртібінде қарызды есептен шығару негіздерін айтарлықтай кеңейттік. Егер несие толығымен клиенттің келісімінсіз берілсе, ол міндетті түрде соттың қарауынсыз есептен шығарылуы шарт. Тиісті норма бар, оны іске асыру тәртібі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп бекітілді», деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Абенов Мурат / Murat Abenov (@muratabenov)

Яндекс.Метрика