Түркістан облысында екі адам мінген көлік суға түсіп кетті

Фото: видеодан скрин

Түркістан облысында, Сайрам ауданының Қарашық ауылында Қарашық каналына екі адам мінген жеңіл көлік белгісіз себептермен суға батып кетті. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарт порталы.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері бірігіп, жедел әрекет етіп, құтқару арқанының көмегімен адамдарды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.

Сонымен қатар, арнайы авариялық-құтқару көлігінің көмегімен көлік те судан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ тұрғындарға төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керектігін ескертеді.

 

Яндекс.Метрика