Фото: Қайрат ФК
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі төртінші турда Қазақстанның «Қайрат» клубы сырт алаңда Италияның «Интерімен» кездесіп, 1:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
44-минутта Лаутаро Мартинес есеп ашып, «Интерді» алға шығарды.
56-минутта «Қайрат» ойыншысы Офри Арад бұрыштамадан көтерілген допты баспен дәл бағыттап, таразы басын теңестірді.
Алайда 67-минутта Карлос Аугустоның алыстан бағыттаған соққысы Темірлан Анарбеков қорғаған қақпадан табылып, жеңіс «Интерге» бұйырды.
