Қытайда дәрігерлер 4,2 мың шақырым қашықтықтан көзге ота жасады

Фото: polyclin.ru

Операцияны жүргізу үшін арнайы робот қолданылды.

Қытайда офтальмологтар 4,2 мың шақырым қашықтықтан әлемдегі алғашқы роботтандырылған көз операциясын сәтті өткізді. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлауда.

Чжуншань офтальмологиялық орталығының мәліметіне сәйкес, ота 2 қараша күні профессор Линь Хаотянь жетекшілігімен өткізілген.

Операция барысында Қытайда әзірленген офтальмологиялық хирургиялық робот пайдаланылды. Робот Гуанчжоудағы басқару орталығы мен Үрімшідегі хирургиялық бөлімшені нақты уақыт режимінде байланыстырды, осылайша дәрігерлер пациентке қашықтан манипуляциялар жасауға мүмкіндік алды.

Робот пациенттің көзіне микроине енгізгеннен кейін, Гуанчжоудағы мамандар оны алыстан басқарып, зақымданған аймақтың тор қабығына дейін жеткізді. Содан соң ине ұшы белгіленген тереңдікке енгізіліп, дәрі жіберілді. Ота небәрі 7 минутқа жетпей аяқталды.

Мамандардың айтуынша, бұл операция Қытайда қашықтан жүргізілетін офтальмологиялық хирургияның дамуына бағытталған маңызды қадам болады.

Яндекс.Метрика