Атыраудан Оралға ұшатын рейс тоқтатылды

Фото: 2gis.kz

Қазіргі кезде Оралдан Астана, Алматы, Ақтау және Қарағанды қаласына әуе рейстері қатынайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Атырау мен Орал қалалары арасында қатынап жүрген әуе рейсі 1 қарашадан бастап ұшпай қалды.

Орал әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, Qazaq Air әуе компаниясынан Атырау-Орал бағытындағы тұрақты ұшулар 1 қарашадан 28 наурызға дейін тоқтатылады.

«Аталмыш рейс аптасына 4 рет ұшып жүрген. Әуе компаниясы тоқтату себебін айтпады. Сонымен қатар Атырау-Ақтөбе бағытындағы рейс те жабылды,» – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Яндекс.Метрика