Фото: Reuters
Зохран Мамдани республикашыл Кертис Сливаны және АҚШ президенті Дональд Трамптың қолдауына ие болған кандидат Эндрю Куомоны озып шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Осылайша, Зохран Мамдани Нью-Йорк тарихындағы тұңғыш мұсылман мэрі атанды.
34 жастағы саясаткер Угандада туған, кейін Оңтүстік Африка Республикасына, сосын АҚШ-қа көшті.
Саясатқа қадам баспас бұрын, ол тұрғын үйінен айырылу қаупі бар адамдарға жәрдемдесумен айналысты. Сондықтан, оның сайлауалды науқанының басты тақырыбы қолжетімді баспана болды. Сонымен қатар, байларға салынатын салықты арттыру, ең төменгі жалақыны көтеру және мектепке дейінгі білім мен қоғамдық көлікте жолақыны тегін ету мәселелерін қолдады.
Зохран Мамдани 2017 жылдан бері «Америка демократиялық социалистері» ұйымының мүшесі болып табылады. Жаңа мэрдің көзқарасы қоғамда әртүрлі пікірлер туғызады. Дегенмен, Мамдани Демократиялық партияның праймеризінде сенімді жеңіске жетіп, сайлау барысында қарсыластарын қапы қалдырды.
