UPS MD-11 жүк ұшағы Кентукки штатының Луисвилл қаласында әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшырады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Үш адамның қайтыс болғаны расталды, ВВС-ге сілтеме жасап.
Кентукки штатының губернаторы Энди Бешир баспасөз мәслихатында Луисвиллде United Parcel Services (UPS) жүк ұшағының апатқа ұшырағанын хабарлады. Нәтижесінде үш адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған.
— Біз кем дегенде үш адам көз жұмды деп есептейміз. Бұл сан көбейеді деп ойлаймын. Бейнежазбаны көрген адам бұл апаттың қаншалықты қорқынышты болғанын біледі, — деді Бешир.
UPS мәліметінше, MD-11 бортында үш экипаж мүшесі болған. CBS филиалы WLKY бұған дейін ұшақтың жанып жатқан қанаты мен соқтығысқан кезде атқылаған үлкен отты шардың бейнежазбасын таратқан.
Апаттан кейін ұшу-қону жолағынан тыс жерде орналасқан бірнеше ғимарат жалынға оранды. Жарылыс кезінде ұшақта шамамен 38 000 галлон жанармай (144 000 литр) болған.
АҚШ федералдық авиация басқармасының мәліметінше, апатқа ұшыраған ұшақ 34 жыл бұрын жасалған. Ол Гавайидегі Гонолулу қаласына бет алған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша шамамен 17:15-де құлаған.
Луисвилл әуежайында компанияның жаһандық әуе жүк хабы және әлемдегі ең ірі пакеттерді өңдеу орталығы UPS Worldport орналасқан. Ұшақ апатынан кейін әуежай жабылды.
Кентукки губернаторы ұшақта экологиялық проблема тудыратын қауіпті жүк болмағанын айтты.
