Адам шығыны бар: Павлодар облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып қалды

Фото: видеодан скрин

Павлодар облысындағы тасжолда екі көлік бетпе-бет соғысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша жүргізуші қаза тапқан фактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 4 қараша күні «Атамекен-Курчатов» автожолындағы Айнакөл ауылының маңында «Шкода Рапид» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Ауди-А6» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

 

«Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

 

Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалысы тығыз учаскелерде абай болуды, көліктің техникалық жай-күйін бақылауды және ауа райы жағдайының өзгеруін ескеруді еске салады», – делінген хабарламада.

 

Яндекс.Метрика