Фото: ortcom.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров фермерлерге арналған жанармай бағасы нарықтағыдан 20 пайызға арзан болатынын айтты.
Алайда бұл жеңілдік тек ауыл шаруашылығына тиесілі – ал қарапайым жүргізушілер үшін баға өзгеріссіз қалады немесе қайта өсіп кетуі мүмкін деген қауіп бар.
Министрдің айтуынша, мемлекет жыл сайын шамамен 800 мың тонна арзандатылған жанармай бөледі: оның жартысы егіс науқанына, қалғаны – егін жинауға арналған. Бірақ мұндай қолдау ауылдағы шаруаларға ғана әсер етіп, қала тұрғындары мен жеке көлік иелерінің қалтасын жеңілдетпейтіні анық. Сондықтан қоғамда «жанармай неге бәріне бірдей арзандамаған?» деген сұрақ жиі талқылануда.
