Мөлдір Мұқанның 14 жылын ұрлауға қақысы жоқ — желі қолданушысы

Әлеуметтік желіде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның бұрынғы жары Мөлдір Мұқанның ажырасуына қатысты пікірлер көбейді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Пікір қалдырған қыздардың бірі:

«Мөлдір Мұқанның 14 жылын ұрлауға ешкімнің қақысы жоқ», — деп жазды.

Ол Қабатовтың әйелімен өткізген жылдарын елемеу әділетсіз екенін айтты. Желі қолданушысының бұл пікірі көпшіліктің қолдауына ие болып, кеңінен таралды. Кейбіреулер Мөлдірдің шыдамдылығын және отбасына сіңірген еңбегін атап өтті.

Ал өзге желі оқырмандары жеке өмірге араласпау керектігін ескертті. Қоғамда бұл тақырып қызу талқыланып, түрлі көзқарастар туындап отыр.

Яндекс.Метрика