Шерхан Қалмұрза танымалдылықтан шаршағынын айтты (ВИДЕО)

Фото: ФК «Қайрат»

Астанада жас футболшыларға арналған QJ league Awards марапаттау шарасы өтті. Жиынға келген  «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырза Kursiv Media-ға сұхбат беріп, танымалдылығы жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

 

«Шынымды айтсам, танымал болу көп энергияны алады екен. Мысалы, отбасыммен қалада жүрсем, көп адам келіп, мазамды алады. Жаман болады екен. Қатты мән бермеуге тырысамын. Ол туралы ойланбай, алдыма қойған мақсаттарыма жету үшін жұмыс істей беремін», — деді жас футболшы.

 

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашылардың бірі атанды. Дебют жасаған сәтінде Қалмырзаның жасы небәрі 18 жас 3 ай ғана еді. Осы көрсеткішпен ол әйгілі Икер Касильясты басып озды. Испан қақпашысы Чемпиондар лигасында 18 жас 3 ай 26 күнінде алғаш рет алаңға шыққан болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Курсив (@kursiv.media.kz)

Яндекс.Метрика