Қазақстан халқының саны 20,4 миллион адамға жетті

Фото: Pixabay

2025 жылғы 1 қазандағы мәліметтер бойынша, Қазақстан халқының саны 20 445 231 адамға жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Жыл басынан бері халық саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде:

  • табиғи өсім есебінен – 151 632 адам,
  • көші-қон есебінен – 10 200 адам.

Бюро деректеріне сәйкес, қазіргі таңда жеті өңірде халық саны 1 миллионнан асты. Олар:

  • Алматы қаласы – 2 337 023 адам
  • Түркістан облысы – 2 148 207 адам
  • Астана қаласы – 1 612 512 адам
  • Алматы облысы – 1 586 875 адам
  • Шымкент қаласы – 1 286 087 адам
  • Жамбыл облысы – 1 216 849 адам
  • Қарағанды облысы – 1 131 818 адам

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел халқының өсімі негізінен табиғи жолмен қамтамасыз етіліп отыр.

Яндекс.Метрика