Алматыдағы крематорий қашан іске қосылатыны белгілі болды

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі Алматыдағы крематорийдің ресми іске қосылу мерзімін жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

– Крематорий жұмыс істеуін бастайтын ресми күн барлық нормативтік рәсімдер аяқталғаннан кейін белгілі болады, – деп хабарлады ЖАП мамандары.

Ресми ақпаратта Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематориді Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы кезінде өзіне бағынысты ұйымның балансында тұратындығы көрсетілген.

– Объект мемлекеттік аудит нәтижесінде берілді. Аудит қорытындысы бойынша Алматы әкіміне баланс ұстаушыны белгілеу тапсырылған, – делінген ресми мәліметте.

 

Яндекс.Метрика