Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтыны белгілі болды

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында өнер көрсететін португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду спорттық мансабына көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сенбі күні Сауд Арабиясы чемпионатында «Әл-Наср» «Әл-Фейха» клубымен кездесті. Роналду бұл ойында гол соғып, командасына жеңісті қамтамасыз етті. Кездесу 2:1 есебімен аяқталды.

«Бұл мен үшін де, бүкіл команда үшін де тамаша кеш болды. Команда жеңді. Мен екі гол соқтым, бұл маңызды. Мен ұзақ жылдық мансапқа құштарлық арқылы жетуге болатынын әрдайым айтып жүремін. Менің бойымда сол құштарлық бар. Гол соғамын ба, жоқ па – бұл менің өмірім. Әрдайым солай болды. Футболдағы 23-24 жыл – менің өмірім. Сондықтан мен футбол ойнауды жалғастырғым келеді», – деді футболшы.

Яндекс.Метрика