Фото: видеодан скрин
Қазақстан мектептерінде педагогикалық кеңестердің тым ұзаққа созылуы мұғалімдердің наразылығын туғызып отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ұстаздар әлеуметтік желілерде «педкеңес ешқашан бітпейді» деп шағымдануда. Көпшілігі бұл жиындардың формалдылыққа айналып, нақты нәтиже бермейтінін айтады. Сарапшылардың пікірінше, мәселе жүйесіз ұйымдастыру мен артық есеп беруден туындайды. 50 жылдық тәжірибесі бар ардагер ұстаз Нұрғали Әлімбаев бұл жағдайды «есеп үшін жиналыс өткізу» деп бағалайды.
Педкеңестер кей мектептерде бірнеше сағатқа созылып, мұғалімдердің негізгі жұмыс уақытына кедергі келтіреді. Кей ұстаздар педкеңесті онлайн форматқа көшіруді ұсынуда. Сарапшылар да уақытты үнемдеу үшін бұл бастаманы құптайды. Білім сапасын арттыру үшін педкеңестің мәнін қайта қарау қажеттігі жиі айтылып жүр.
