Асу Алмабаев UFC турниріндегі кезекті айқасын өткізу үшін Қатарға барды

Фото: caravan.kz

Қазақстандық ММА жауынгері Асу Алмабаев Қатарда өтетін UFC турниріне аттанды.

Prosports.kz спорттық порталының мәліметінше, аталған турнирде қазақстандық файтер (22-3, UFC: 5-1) бұрынғы чемпиондық атаққа үміткер америкалық Алекс Переспен (25-9, UFC: 7-5) октагонға шығады.

Асумен бірге UFC чемпионы Илия Топурияның ағасы Александр Топурия да турнирге барған.

Асу Алмабаевтың соңғы жекпе-жегінде Хосе Очоаны сенімді түрде жеңген еді. Ал оның алдағы қарсыласы Алекс Перес бұған дейін жапониялық Тацуро Таираға техникалық нокаутпен есе жіберген болатын.

Яндекс.Метрика