Қостанай облысында күдіктіні ұстау мақсатында блок-бекеттер қойылды

Фото: видеодан алынған кадр

Жергілікті БАҚ мәліметінше, зардап шегуші — іс-шара кезінде туған жанжал барысында пышақ жарақатын алған полиция қызметкері болып шықты.

Қостанай облысының автожолдарында блок-бекеттер қойылды. Полиция қызметкерлері ауыр дене жарақатын келтірді деген күдікке ілінген ер адамды іздеу аясында көліктерді тоқтатып, тексеріп жатыр.

Әлеуметтік желілерде Қостанай–Рудный трассасында полиция көліктер мен автобустарды тоқтатып, тінтіп жатқаны туралы ақпарат тарады.

Облыстық Полиция Департаменті бұл фактіні растады және күдікті адамды іздеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

— Қостанай қаласында қасақана ауыр дене жарақатын келтіру қылмысы жасалды. Күдіктінің кім екені анықталды. Оны жауапкершілікке тарту үшін іздестіру және ұстау шаралары қолға алынды, — деді полиция.

Яндекс.Метрика