Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекке шын мәнінде не болғанын айтты

Фото: sn.kz

Журналист Жанар Байсеміздің Youtube подкастына сұхбат берген Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі, әзілкеш-шоумен Тұрсынбек Қабатовқа Алматыдағы ауруханалардың бірінде басына жасалған операция жайлы айтып берді.

Бірақ оған не себеп болғанын Мұқанова мүлдем білмейді. Сұхбат барысында: «Біреу ұрды ма?» – деп айтып қалды. Алайда, Қабатовтың өзі «құлап қалдым» деп ақталған.

 

«Адамның басы 100 процент домалақ болса, соның 25 процентін алған ғой. Басты ашып, ота жасаған. Оның бас сүйегін қайтадан орналастыра алмайды екен. Тек бас сүйектің орнына пластик қояды. Операциядан соң үйге келді, емделіп жүрді. Ер адам басына күн туса, өзінің әйелін іздейді ғой, сондайы бар енді. “Тұрсынбек, сен неге сондайсың?” – деп күлем ғой. Енді, өнер адамдары ауырмайды деген заңдылық жоқ қой. Танымал адам болған соң ел-жұрт денсаулығына алаңдады. Мен де, ұл-қыздары да бәріміз өзімізді қоярға жер таппадық», — деді Мұқанова.

 

Ал Тұрсынбек Қабатовтың өзі операцияның себебін бастағы қанның ұйып қалуымен түсіндірген еді.

 

«Жақында басыма ота жасаттым. Тромб болып, басымның «крышкасын» алып тастады. Қазір алдарыңызға жарты бас болып шығып тұрмын. Көп сөйлеп кетсем, түсінерсіздер», – деді Қабатов.

 

Яндекс.Метрика