Елордалық 26 жастағы әйел алты баланы дүниеге әкеліп, «Күміс алқа» алды (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Астанада 26 жастағы Бибінұр Төлегенқызы алты баланы өмірге әкеліп, көпбалалы аналарға арналған «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«26 жасымда «Күміс алқа» алдым. Құттықтап қойыңыздар. Ең бастысы – балапандарым аман болсын. Жігітім екеуміз бақытты болайық», – деп бөлісті жас ана.

Бибінұр отбасылық өмірде түрлі қиындықтарды бастан өткергенін жасырмады.

«Бәріне шыдаған, кез келген еркелігімді көтере білген күйеуім Нұрболға алғыс айтамын», – деді ол.

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі жас кезінде босанып алғанын құптаса, енді бірі балпны олай көп туа бермеу керек деген пікірде.

«Көп бала туған мақтаныш па?», «Өзіңізді күтіңіз», «Денсаулығыңыз мықты болсын», «Бала-шағаңыз үміттеріңізді ақтап, салиқалы ұрпақ болсын», Неге сонша туа бердіңіз, өзіңізді де күтпедіңіз бе», деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, Қазақстанда алты бала туған және тәрбиелеген аналар «Күміс алқа», ал жеті және одан да көп бала өсірген аналар «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталады.

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне, сондай-ақ бұрын «Батыр ана» атағын алған немесе І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға ай сайын 6,4 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Яндекс.Метрика