Көрші елді жоқшылық қысып тұр: Ресейде банкроттыққа жеткен адамдар саны күрт өсті

Фото: canva

Ресейде банкроттық жағдайына жеткен адамдар санының күрт өсуі байқалуда.

Әр минут сайын Ресейде жеке тұлғаларды банкрот деп танудың кем дегенде 6 рәсімі тіркеледі, деп хабарлады Сбербанктің мәжбүрлі өндіріп алу және банкроттық басқармасының жетекшісі Евгений Акимов.

Оның болжамынша, тек Сбер аясында жыл соңына дейін 30-52 мың ресейлік банкрот деп жариялануы мүмкін. Банктер, шын мәнінде борыштық тұйыққа тірелген борышкерлермен тиісті келісімге келуге дайын екенін атап өтті.

«Банкроттық – бұл ең шетін шара. Бұл процедураның басталуы – қиын жағдайдан шығудың басқа нұсқалары қалмады дегенді білдіреді. Банкрот болатындардың көп бөлігі – ипотекасын төлей алмағандар. Мемлекет оларға қамқорлық жасады және жанайқайын естіді. Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, ресейліктер кей жағдайларда банкрот болып танылғаннан кейін де ипотекалық баспанасында тұра алады,» – деді Акимов.

Оның айтуынша, банкпен бейбіт келісімнен тек ипотекасы бар банкроттар үміттене алады. Алайда банкроттық міндеттемелерден толық босатылмайды. Егер тұлға үйінде тұрғысы келсе, ай сайын белгілі бір төлем жасауы керек.

«Сондай-ақ, үшінші тұлғаны тартуға болады. Мысалы, әйелдер «арнайы әскери операцияға» қатысушылар арасында жұп тауып алады, әрі қарай төлемдер қатысушының міндеттерінен ұсталады. Мұндай бейбіт келісімдердің 2024 жылға қарай 83%-ға артатынын байқап отырмыз,» – деді сарапшы.

Ресейліктердің бұл қадамдары экономикалық қиындықтарға байланысты болып отыр.

«Коммерсант» мәліметінше, бағалардың тоқтаусыз өсуі және жоғары инфляция Ресей азаматтарын күнделікті қажеттіліктерінен үнемдеуге мәжбүрледі.

«Платформы ОФД» фискалдық деректер операторының баяндамасына сәйкес, 2025 жылға қарай Ресейде киім сатып алу көлемі 8%-ға төмендеген. Сауда орталықтары одағының болжамы бойынша, сұраныстың құлауы салдарынан ірі fashion-ритейлерлердің жартысына жуығы, 40%-ға дейін, жабылды.

«Ромир» зерттеу холдингінің зерттеулеріне сәйкес, Ресейде сатып алушылардың 68%-ы үлесті жеңілдіктер мен акциялар ұсынса ғана дүкендерге барғанды жөн көреді.

«Азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарларға кететін шығынды азайту мақсатында ресейліктердің 46%-ы дүкендерге бару жиілігін қысқартуда,» – дейді сарапшылар.

Б1 компаниялар тобының зерттеуі Ресейде бұрын-соңды болмаған тұтыну мінез-құлыпының өзгерісін көрсетуде. Тіпті ауқатты отбасылар да, айына 150 мың рубльден (1 миллион теңгеден астам) келетін кірісі бар, экономия жасап жатыр.

Қазіргі кезде бұл адамдардың әрбір екіншісі кездейсоқ сатып алулардан шектелген. Өзгеріс жарты жыл бұрынғы 22% деңгейінен едәуір өскен.

«РБК» арнасына сұхбат берген DNS компаниялар тобының тең қожайыны және директоры Дмитрий Алексеев, тұрмыстық техника мен электроникаға сұраныстың соңғы 30 жылда рекордтық көлемде құлағанын мәлімдеді.

«Сауда-саттық көлемі рубльдегі номиналды мөлшермен қысқара бастады. Бұрын-соңды, тіпті 90-шы жылдары да бұлай болған емес. Біз нарықта сатылған тауарлардың санының азайғанын, девальвацияның доллардағы табысты қысқартқанын көрдік. Бірақ рубльдегі айырбас ешқашан құламаған еді,» – деді Алексеев.

74.ru порталына сұхбатында «Деловая Россия» кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымының мәскеулік тең мүшесі Роман Харланов, «Росстат» ресейліктердің табысы мен шынайы жалақысының өскені туралы есеп берсе де, азаматтардың сатып алу қабілеттілігі қатты төмендеді,» – деп мәлімдеді.

«Ресейліктер барлық, қайталаймын, барлық шығындарын азайтуға кіріскен. Тауар алса, тек үлкен жеңілдікпен ғана сатып алады, ірі заттарды, мысалы, баспана мен көлік, тұрмыстық техниканы сатып алуды кейінге шегеруде,» – деді Vedeneeva Consulting Group негізін қалаушы Анна Веденеева.

Оның пайымынша, қазіргі жағдай – қысқа мерзімді күйзеліс емес, тұтынушылардың мінез-құлқындағы құрылымдық бетбұрыс.

Макроэкономикалық талдау орталығының мәліметінше, биыл Ресейде аса маңызды тауарлардың өндірісі қысқарды немесе тоқтады.

Орталықтың аналитиктері елдегі 129 тауар түрінің өндірісі қалай өзгергенін зерттеді. Нәтижесінде, өткен жылмен салыстырғанда, 73%-дың өндірісі төмендеді.

Росстат жыл басынан бері өндіріс небәрі 0,8% өскенін хабарлады. Дегенмен, бұл өсім тек мұнай-газ, энергетика, кеме жасау сияқты секторлардың арқасында мүмкін болды.

ЦМАКП Ресей өнеркәсібі рецессияға ұшырап жатқанын көрсетті. Экономикадағы өзгерістерге байланысты Қазақстан Үкіметі қол қусырып отырмаса екен.

Яндекс.Метрика