Фото: Paris Masters
Ширек финалға шыққан Александр Бублик 100 рейтингтік ұпай жинап, маусымның қорытынды турниріне қатысатын үміткерлер қатарында 10-сатыға жайғасты.
Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик америкалық Тейлор Фрицті жеңіп, Paris Masters турнирінің 1/4 финалына шықты.
30 қазан күні Paris Masters турнирінің 1/8 финалында Александр Бублик пен америкалық теннисші Тейлор Фриц арасындағы матч өтті.
Матч Бубликтің пайдасына 7:6, 6:2 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылып, Бублик 11 эйс жасап, 1 қосалқы қателік жіберіп, 2 брейк-пойнтты тиімді пайдаланды.
Paris Masters турнирінің ширек финалында Александр Бублик аустралиялық Алекс де Минаурмен кездеседі. Ойын бүгін, 31 қазан, Қазақстан уақытымен 19:10-де басталады.

 
			 
			 
			 
			