Түркиялық Арда Гүлер “Реал Мадридтің” қазан айындағы үздік футболшысы атанды

Түркиялық жартылай қорғаушы Арда Гүлер “Реал Мадридтің” қазан айындағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы Madrid Xtra басылымы хабарлады. Жанкүйерлер 20 жастағы футболшыны командадағы ең белсенді ойыншы деп танып, оны әлемдік деңгейдегі ойыншылар – Килиан Мбаппе, Джуд Беллингем сияқты жұлдыздардан озды деп бағалады.

Айта кетейік, Арда Гүлер бұған дейін Чемпиондар Лигасының “Ювентусқа” қарсы матчында (1-0) айдың үздік ойыншысы атанған еді. Сонымен қатар ол жақында өткен “Эль-Классикода” (2-1) да шешуші рөл атқарған футболшылардың бірі болды.

Бұл Испаниядағы осы маусымдағы түрік футболшысының алғашқы марапаты емес: Ла Лига оны қыркүйек айында 23 жасқа дейінгі үздік ойыншы деп таныған.

Осы маусымда Арда Гүлер клуб үшін 13 ойында 3 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Яндекс.Метрика