Фото: видеодан скрин
44 жастағы танымал әнші Ділназ Ахмадиева Instagram парақшасында жас жігітпен түскен суретін жариялап, желі қолданушыларын қызықтырып қойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Постта әнші қазақстандық әртіс әрі тележүргізуші Талғат Байғұжиновпен құшақтасып түскен.
Ділназ суретке ешқандай түсініктеме қалдырмаған, ал Талғат Байғұжинов жазбаға қызыл жүрек эмодзиімен реакция білдірген.
Бұл кадр желіде қызу талқыланып, пікір қалдырушылар екіге бөлінді: бірі олардың жұп екенін болжаған болса, енді бірі бұл жаңа клиптің түсірілімі деп топшылаған.
«Бақытты болыңдар», «Қандай керемет жұп», «Оо, Құттықтаймы!», — деп жазған желі қолданушылары.

 
			 
			 
			 
			