Шымкенттің қақ ортасында бағдаршам құлады: тұрғындар қауіпсіздікке алаңдаулы

Фото: Видеодан алынған кадр

Шымкенттің қақ ортасында орналасқан негізгі көшелердің бірінде светофор кенеттен құлап, көлік қозғалысына кедергі келтірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Оқиға куәгерлері құрылғы бірнеше күн бұрын қисайып тұрғанын, бірақ ешкім назар аудармағанын айтады. Абырой болғанда, жарақат алғандар жоқ. Тұрғындар мұны қаладағы инфрақұрылымның ескіруі мен бақылаудың әлсіздігінен көріп отыр. Мұндай жағдай қала қауіпсіздігіне деген жауапкершіліктің төмендегенін көрсетеді. Ал әкімдік «уақтылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр» деп мәлімдегенімен, іс жүзінде мұндай жағдайлар жиілеп барады.

Яндекс.Метрика