Фото: Pixabay
Түркістан облысының Шардара ауданындағы Қасым Аманжолов атындағы мектепте қайғылы жағдай тіркелді. Дене шынықтыру сабағында 5-сынып оқушысы Арнұр Көшербай стадион қоршауына шығып, тайып кетіп, жарақат алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Мектеп өкілдерінің айтуынша, сырт көзге ауыр жарақат байқалмағанымен, бала ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер операция жасағанымен, Арнұрдың жүрегі тоқтап қалды.
Қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Прокуратураның ұсынысымен мұғалім тергеу аяқталғанға дейін уақытша қызметінен шеттетіледі.

 
			 
			 
			 
			