Ақтөбенің шұрық-тесік жолы жүргізушілердің жүйкесін тоздырған

Фото: видеодан скрин

Қала көшелерінде әр метр сайын шұңқыр мен ойық кездеседі. Жергілікті тұрғындар жолдың сапасын емес, шұңқырлардың санын санаудан шаршаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Әсіресе, жаңбыр жауса болды, көліктер су толған шұңқырларда «қайықтай жүзіп» жүреді. Әкімдік жыл сайын миллиардтаған қаржы бөлінетінін айтады, бірақ сол қаржы қайда кететіні белгісіз. Қаланың жолын көріп отырып, әкімдік тек есеп үшін ғана жұмыс істейтіндей әсер қалдырады. Кей жүргізушілер әлеуметтік желілерде жолдардың жайын видеоға түсіріп, әкімдікті «виртуалды серуенге» шақырған.

Сарапшылардың айтуынша, жол сапасының нашарлығы — тендердегі ашықтықтың болмауы мен бақылаудың әлсіздігінен. Ал көлік иелері болса, шұңқырдан қашамын деп, апатқа ұшырау қаупін арттырып отыр. Ақтөбеліктер енді биліктен уәде емес, нақты іс күтеді.

Яндекс.Метрика