Фото: БЖЗҚ
Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) деректерінде көрсетілген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2025 жылдың үшінші тоқсанында Air Astana әуе компаниясының 129,1 мың акциясын сатқан. Сатылған көлем қордың жалпы акциялар пакетіндегі 0,55 пайызды ғана құрайды. Қордың аталған компаниядағы үлесі қазіргі таңда 23,35 миллион акцияны қамтиды.
Нарықтық жағдайға сәйкес, сатылған бағалы қағаздардың жалпы құны шамамен 91,1-105,6 миллион теңге аралығында бағаланған.

 
			 
			 
			 
			