Фото: gulnaz_alimgerey/instagram
Қазақстандық тележүргізуші әрі журналист Гүлнәз Әлімгерей мен оның жұбайы, полиция полковнигі Нұрділдә Ораздың ұлы шаңырақ көтерді.
Бұл қуанышты жаңалықты Гүлнәз Әлімгерей өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
– «Ал, ағайын, енді ресми түрде құда-құдағи атандық! Ізгі тілектеріңізге үлкен рақмет», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары танымал жұпқа ақ тілектерін жаудырып, жылы лебіздерін білдірді.
– «Құтты болсын! Ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіздер», – десе, енді бірі – «Құда-құдағи жасарып кеткен ғой», «Үлгілі отбасы, жастар бақытты болсын!» – деп пікір қалдырды.

 
			 
			 
			 
			