Мәжіліс ЛГБТ-ны жарнамалауға қатаң тыйым салмақ

Фото: видеодан скрин

Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева мемлекеттік архивтік ісі жөніндегі заңға енгізілген жаңа норманы таныстырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол норманың мақсаты — әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттауға жол бермеу.

«Біз бұл норманы барлық депутаттармен бірлесіп мақұлдадық. Енді әлеуметтік желілерде дәстүрлі емес қатынасты насихаттауға әрекет жасайтындар жауапкершілікке тартылады», — деді Дементьева.

Заң жобасын қолдаушылардың пікірінше, бұл шара қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды қорғауға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Қазір заң нормасы ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді деп күтілуде.

Яндекс.Метрика