Еуропада жаңа дағдарыс басталуы мүмкін

Фото: Pixabay

Еуропа елдерінде вирус маусымашарға қарағанда ерте басталып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Мысалы, Германияның шығысында құс тұмауы қатты өршіп тұр. Осыған байланысты, жергілікті билік 200 мыңнан аса құс пен үйректі жойды. Ағымдағы жоспар бойынша, тағы 130 мыңнан көбін жою көзделуде.

Сарапшылардың пікірінше, биыл Еуропада құс тұмауының тез таралуы жаңа дағдарыс тудыруы мүмкін. Тамыз айынан қазанның ортасына дейін 10 елде құс тұмауы ошағының 56 оқиғасы тіркелген. Бұл соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Вирустың таралуы да ерте басталды.

Қазірдің өзінде Бельгия, Франция сынды кейбір елдер құстарды жабық ұстап, карантин шараларын күшейтуге міндеттеді. Сонымен қатар, құсқа екпе жасау бағдарламаларын қайта қолға алған мемлекеттер бар.

Құс тұмауының адамдарға жұғу қаупі төмен деп бағаланып отыр, бірақ вирус жануарлардан сүтқоректілер мен мал шаруашылығына тарау қаупі туындап отыр.

Яндекс.Метрика