Теннисші Александр Бублик жеке рекордын жаңартты

Фото: Sports.kz

Әлемнің 16-шы ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик 2025 жылы ATP негізгі турнирінде бір маусымда 34 жеңіске жетті, бұл оның ең жақсы нәтижесі болды, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

Championat.com сайтының мәліметінше, Бубликтің бұған дейінгі ең жақсы көрсеткіші 2021 жылы 33 жеңіс болған.

Александр Париждегі (Франция) «Мастерс» турнирінің бірінші айналымында 34-ші жеңісіне қол жеткізді. Ол аустралиялық Алексей Попыринді (рейтингіде 47-орында) 6-4, 6-3 есебімен жеңді.

Екінші айналымда Бублик Корентин Муте (Франция) мен Райлли Опелка (АҚШ, LL) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Париждегі «Мастерс» турнирінің қазіргі жеңімпазы – германиялық теннисші Александр Зверев. Өткен жылғы финалда ол француздық Уго Умберді жеңген болатын.

Яндекс.Метрика