Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Бейбарыс Ерсейіт 1 күміс, 1 қола алды

Фото: Сали Сабиров, ҰОК

Қазақстанның ауыр атлеті Манама қаласында (Бахрейн) өткен жасөспірімдер Азия ойындарында ел қоржынына екі жүлде әкелді.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеруде күміс жүлдені жеңіп алды. Ол үш мүмкіндіктің екеуін сәтті орындап, үздік көтеруінде 123 келіні бағындырды.

1-орынды Солтүстік Корея спортшысы Джин Мен Во жеңіп алды, ал қола жүлде Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Алмохаймедке бұйырды.

Серпе көтеруде Бейбарыс Ерсейіт 152 келіні еңсеріп, қолаға ие болды. Жарыстың жеңімпазы Вьетнам спортшысы Дуи Нгуен атанды, ол 156 келіні көтеріп, жасөспірімдер арасындағы Азия рекордын жаңартты. Күміс жүлде Қытай атлеті Бохан Ванға бұйырды, оның көрсеткіші 155 келі болды.