Роза Рымбаева: «Тойдың қуыршағы болғым келмейді»

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева той-думанға жиі шықпайтынын журналист, жазушы Қанат Тілеуханға берген сұхбатында айтты.

«Тойға шығатын әншілердің мақсаты — халықты билетіп, көңіл көтеру. Ал менің әндерім мен мақсатым басқа. Мен үшін ең маңыздысы — тойдың қуыршағы болмай, нағыз әнші болу. Қазақ тыңдарманының музыкалық талғамын көтеру үшін еңбек етемін. Сол себепті мені тойға жиі шақырмайды. Бірақ мен оған ешқашан өкпелемеймін. Көбіне концерттік сахнада жүремін. Жалғыздық деген мен өмірде емес, өнерде де солай», — деді Роза Рымбаева.