Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Оның үздік нәтижесі – 46.94 метр.
Қазақстандық жеңіл атлет Вероника Елисеева Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.
Елисеева балға лақтыру сайысында 3-орын иеленді.
Жарыс жеңімпазы – қытайлық Ижу Ван (68.59 м), ал күміс жүлдені оның отандасы Юйцзя Гао (63.08 м) еншіледі.
