Қазіргі уақытта қылмыскерлер әлі де іздестірілуде.
Луврдың екінші қабатында, Аполлон галереясынан қашып жатқан ұрлықшылардың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Бейнежазбада екі қаскөйдің механикалық көтергішпен екінші қабаттан төмен түсіп жатқанын байқауға болады. Полицияның сиренасы естілсе де, қарақшылар скутерлерімен бой тасалап үлгерді. Олар небәрі 7 минутта арам ойын жүзеге асырған.
NBC-тің мәліметінше, Франция прокуратурасы бұл бейнежазбаны тергеу материалдарына енгізген.
Бұған дейін Лувр музейінен ұрланған құнды жәдігерлердің шығыны белгілі болған еді.
Франция президенті Эмманюэль Макрон кінәлілердің міндетті түрде ұсталатынын мәлімдеді, ал миллиардер Павел Дуров зергерлік бұйымдарды сатып алуға дайын екенін айтты.
Кеше Лувр мұражайына 88 миллион еуро шығын келген директоры күтпеген шешім қабылдады.
