Түркістан облысында сот үкімімен күзетпен ем алып жүрген ер адам ауруханадан қашып кетті.
Оқиға 23 қазан күні шамамен 20:40-та болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сотталушы медициналық мекемеде полицияның бақылауында болғанымен, сәтін тауып, ғимараттан шығып кеткен.
Қазір облыс бойынша жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр. Полицияның бүкіл жеке құрамы қашқынның ізіне түсті. Аймақтағы бақылау бекеттері күшейтілді.
Полиция департаменті бұл дерекке байланысты қызметтік тергеу бастағанын хабарлады. Тергеу қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге қатаң шара қолданылмақ.
