Фото: ҚР ТЖМ
Ақтау маңында «Әзірбайжан әуе жолдары» (AZAL) әуе компаниясының ұшағының құлауы туралы есеп жаңа жылдан кейін жариялануы мүмкін, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы авиациялық апатты тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқаратын Қазақстан вице-премьері Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Бозымбаев трагедияның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу жалғасып жатқанын айтты.
Айта кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға бара жатқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласының маңында құлаған болатын.
Ұшақ бортында 62 жолаушы, оның ішінде 37 Әзірбайжан, 16 Ресей, 6 Қазақстан және 3 Қырғызстан азаматы, сондай-ақ экипаждың 5 мүшесі болған. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды, олардың ішінде үш бала бар.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ Ресей әуе кеңістігінде Грозныйдың үстінде болған кезде физикалық және техникалық сыртқы араласудың салдарынан апатқа ұшыраған.