Фото: olympic.kz
24-30 қазан аралығында өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның намысын 16 таеквондошы қорғайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Қазақстанда таеквондодан 2027 жылғы әлем чемпионаты өткізіледі.
Бұл шешім бүгін Қытайдың Уси қаласында Дүниежүзілік таеквондо (WT) федерациясының әлем чемпионаты аясындағы жиынында ресми түрде жарияланды.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Дүниежүзілік федерацияға мүше елдердің өкілдері Қазақстанның кандидатурасын бірауыздан қолдады.
“Олар Астанада өткен халықаралық турнирлердің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті”, – деп жазылған хабарламада.
Алдағы әлем чемпионаты Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет өтпек. Федерация турнирді Астанада ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Айта кету керек, қазіргі таңда Уси қаласына әлемнің 179 елінен 991 таеквондошы 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін жиналды.