Фото: видеодан скрин
Халыққа Raim деген атпен белгілі әнші Райымбек Бақтыгереев Instagram парақшасында Ерке Есмаханың бұрынғы некесінен туған ұлының Champ Season баскетбол лагерін тәмамдаған сәттерін жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Әншінің айтуынша, балаға жаттығуды кезінде НБА ойыншыларымен жұмыс істеген кәсіби бапкер өткізген.
«Champ Season лагерін сәтті аяқтады. АҚШ-тың НБА ойыншыларымен жұмыс істеген бапкерден сабақ алды», – деп жазды Raim, өгей ұлының жетістігіне ризашылығын білдіріп.
Желі қолданушылары бұл жазбаның астына жылы пікірлер қалдырып, Райымбектің өгей ұлына өз баласындай қамқорлық танытқанын жоғары бағалады.