Фото: Үкімет
Мәжілісте алдағы үш жылға арналған бюджет жобасы талданды.
Қаржы министрі Мәди Такиев «2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына доллар бағамы мен мұнай бағасы қандай деңгейде бекітілгенін айтты.
«Үш жылдық бюджетке доллар бағамы 540 теңге, ал мұнай бағасы (барреліне) 60 доллар деңгейінде белгіленген», – деді Қаржы министрі Мәжіліс кулуарында.