Фото: видеодан скрин
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау білім саласына бөлінетін қаржының қысқаруына наразы болды. Ол Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке өткір сауал жолдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Мектептерде мұғалімдер жылап жүр, балалар сыныпта орын жетпей отыр. Ал бюджетте “аналитикалық және консалтингтік қызметтерге” миллиондаған теңге кетіп жатыр. Бұл қалай?» – деп сұрады депутат.
Нұргүл Тау білім сапасы мен бөлінетін қаржының сәйкессіздігін сынға алды. Оның айтуынша, елдің болашағына салынатын ең маңызды инвестиция — сапалы білім, ал оны үнемдеу – ұлттың дамуын тежеу.
«Бюджеттің әр тиыны баланың біліміне жұмсалуы тиіс. Ал егер “талдау” мен “кеңес” деген желеумен ақша желге ұшса, ертең жауапты кім болады?» – деді ол.