«50 жасым келе жатыр»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: instagram.com/aigulimanbayeva

Әнші, актриса, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева Jibek Joly арнасының «Бүгін Live» бағдарламасына берген сұхбатында шығармашылық өміріне қайта оралғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Әр нәрсе өз уақытымен. Қазіргі таңда жеке шығармашылығымды қолыма алып жатқан жайым бар. Әншілік өнерімді, театрды. Кинодан да дәмем өте зор. Алда 50 жасым келе жатыр. Күнделік жазатын адаммын, мемуар-кітабым алда жарық көріп қалуы мүмкін», — деді әнші.

Өнер иесінің айтуынша, бұл кезең — өмір мен шығармашылықты қайта бағамдау уақыты. Ол жаңа жобалар мен кинодағы рөлдерге дайын екенін де жасырмады.