Фото: видеодан скрин
Аңызға айналған Джеки Чан басты рөлде ойнайтын жаңа «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Медиакомпания Salem Entertainment-тің Instagram парақшасында жазылғандай, Джеки Чан режиссерді, каскадер мен экшен-сахна қоюшыны өзі таңдаған. Таңдау қазақстандық режиссер Роберт Кунға түсті.
Роберт Кун — Disney, Paramount, Universal және 20th Century Fox сияқты ірі студиялармен жұмыс істеген танымал қазақстандық кинематографист. Ол «Майор Гром: Игра», «Особо опасен», «Он — дракон», «Президент Линкольн: Охотник на вампиров» секілді фильмдердің экшен-сахналарын қойған.
Айта кетейік, Түсірілім 2026 жылдың көктемінде басталмақ. Бұл – әйгілі франшизаның жаңа тынысы болуы мүмкін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram