Фото: aikyn.kz
Қазір кім қандай кино түсірем десе де оған бөгет пен шектеу жоқ. Алайда соңғы жылдары түрлі жанрларда түсірілген жекеменшік киностудияларда боқтық сөздермен шыққан туындылар қаптады. Ал бұл үрдіс ары қарай әлеуметтік желілерде тарады. Бейәдеп сөйлеуге (ар-намысты қорлайтын, балағат немесе өшпенділік тудыратын сөздер айтуға және оны таратуға) заңмен тыйым салу — қазіргі қоғамда жиі талқыланатын өзекті мәселе. Қазір жастардың арасында боғауыз сөз айту және оны көпшілікке еркін ұялмай жариялау белең алып кетті. Qazaq Today тілшісі аталған мәселе бойынша сарапшы пікірін тыңдап көрді. Осы тақырыпты заңдық және әлеуметтік тұрғыдан түсіндіріп көрсек. Деседе бейәдеп сөйлеуге қатысты Қазақстан заңнамасында бұрынан көрсетілген. Бірақ дәл арнайы оны кинолар арқылы экраннан көрсетіп, әлеуметтік желілердегі бейәдеп сөйлеуге нақты “балағат сөз айтуға тыйым салу туралы” жеке заң жоқ, бірақ мұндай әрекеттер бірнеше құқықтық баптармен реттелген. Деседе оны елеп жатқан жан некенсаяқ. Тіптен кино туындылары мен шағын роликтер түсіруде әдепсіздік басым болып бара жатыр.
«Мен өзім негізі бірнарсені тыю арқылы басқа бір нәрсені арттыру дегенге қарсымын. Цензура болмауы керек. Ия, келісемін біздің кинода, әсіресе веб сериалдарда боқтық сөздер көп. Бірақ енді олардың бәрін жауып, бұғаттып, шығармай тастау деген дұрыс жол емес. Альтернатива жасаңдар — сапалы, мәдени сөзбен жазылған туындылар санын арттырыңдар. Таңдау болу керек — сонда бәрі болады», — деді киносыншы Жанкелді Өмірәлиев.
Неліктен мұндай киноларға тыйым қажет
Кез келген кинотуынды көпшілікке көрсетіледі. Ал оны жастар, бұғанасы қатпаған балалар дұрыс деп қабылдауы мүмкін. Бүгінгі қоғамда қалыптасқан жағдай осы кемшіліктердің тікелей жемісі. Ал кино саласымен айналысып жүргендер қоғамдық мәдениетті сақтауға алдымен мән берулері тиіс.
Дегенмен, сөз бостандығы бар
Қазақстан Конституциясының 20-бабы:
> «Әркімнің сөз бостандығына құқығы бар. Бірақ ол құқық басқа адамдардың құқықтары мен абыройына нұқсан келтірмеуі керек».
Яғни, пікір айту және оны көрсету мен жариялау еркіндігі бар, бірақ бейәдеп және қорлайтын сөздердің кеңінен насихатталуына жол берілмеуі тиіс. Киноларда балағат сөз айтуға заңмен тыйым салу мәселесі қоғамдағы моральдық құндылықтар мен сөз еркіндігі арасындағы тепе-теңдікке қатысты маңызды сұрақтардың бірі. Қазақстанда киноларда бейәдеп, балағат сөздерді қолдануға тікелей тыйым салынған нормалар бар. Бұл мәселе бірнеше заң актілерімен реттеледі. “Кинематография туралы” Қазақстан Республикасының Заңы (2019 ж.)
21-бап, 2-тармақ бойынша:
> Қазақстан аумағында көрсетілетін фильмдер жас санаттарына сәйкес белгіленеді және олардың мазмұнында порнография, зорлық-зомбылықты насихаттау, нәсілдік және діни өшпенділік, бейәдеп сөздер болмауы тиіс.
Балағат немесе бейәдеп сөздер бар фильмдер тек жас шектеуімен (“18+”) және арнайы ескертуімен ғана көрсетілуі мүмкін.
Ал кең экранда (жалпы көрсетілімде) мұндай фильмдерге рұқсат берілмейді. “Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы” заң бар.
Бұл заң бойынша, бейәдеп сөздер мен зорлық көріністері бар фильмдер балаларға көрсетілмеуі тиіс. Сондықтан телеарналар мен кинотеатрлар фильм мазмұнына “жас шектеу таңбасын” қоюға міндетті.
Цензура емес, мәдени шектеу
Кейбіреулер мұны сөз еркіндігіне қарсы шара деп қабылдайды, бірақ заң тұрғысынан бұл цензура емес,
қоғамдық мәдениетті және балаларды қорғауға бағытталған шектеу. Мақсат — қоғамдағы әдеп нормаларын сақтау,
қазақ тілі мен мәдениетіне жат сөздерді экранда таратпау,
жастарды агрессия мен дөрекілікке бейім етпеу.
Практикада қалай жүзеге асады
Кинематография комитеті мен Мәдениет және ақпарат министрлігі фильмдерді прокатқа шығар алдында мазмұндық сараптама жасайды;
Егер фильмде бейәдеп немесе балағат сөздер анықталса:
ол “18+” деп белгіленеді;
кейде дубляж кезінде сөздер жұмсартылып немесе өшіріліп беріледі.