Фото: видеодан скрин
Атақты боксшы Геннадий Головкин Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына қатысып жатқан қазақстандық спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
GGG әйелдер гандболы бойынша Қазақстан құрамасымен жүздесіп, оларға сәттілік тіледі және өз тәжірибесімен бөлісті. Спортшылар әйгілі чемпионмен кездесуден ерекше әсер алғанын жасырмады.
Кездесу Азия ойындары аясында өтті. Іс-шара спортшылардың рухын көтеруге бағытталған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram